Жапон ғалымдары коронавирустың таралуына тосқауыл болатын дәріні атады

13.04.2020 20:21

Зерттеу барысында ғалымдар COVID-19-бен күресте адамның иммун тапшылығы вирусына қарсы қолданылатын тоғыз дәріні сынаған

AP: Eugene Hoshiko

Жапон ғалымдар коронавирустың таралуына тосқауыл болатын дәрінің атын атады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол адамның иммунтапшылық вирусы инфекциясын емдеуде қолданатын препараттардың бірі нелфинавир екен. Зерттеу барысында ғалымдар COVID-19-бен күресте адамның иммун тапшылығы вирусына қарсы қолданылатын тоғыз дәріні сынаған. Барлығы коронавирустың көбеюіне қарсы тұру қабілеттілігін көрсеткенімен, «нелфинавир» перпараты ғана жақсы нәтиже берген. Қалған 8  препарат төмен селективті әсер көрсетіп, өте үлкен дозаны қажет еткен. Ал, «нелфинавир» жоғары селективті әсер көрсеткен. Ғалымдардың пікірінше, қазіргі уақытта бұл препарат COVID-19-ды емдеуде ең тиімді дәрі болып отыр және коронавирусты жұқтырған науқастарға сынақтан өткізілуі қажет.