Өңірде қауіпті індет жұқтырғандар саны 151 адамға жетті
Қарағанды қаласында 1 адамның коронавирусты жұқтырғаны анықталды, ол 1961 жылғы ер адам. Ал Абай қаласында 1 адамнан да вирус табылды, ол 1996 жылғы қыз. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы жария етті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұған дейін коронавирусты жұқтырған науқаспен байланыста болғандықтан, науқастар карантинге жатқызылған.
«ПТР талдау нәтижелері бойынша бұл азаматтарға COVID-19 диагнозы қойылды. Науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды», - делінген хабарламада.
2020 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша облыста қауіпті инфекцияны 151 адам жұқтырған, оның ішінде біреуі қайтыс болды, 61 науқас жазылып шықты.