Алматыда коронавирусты анықтайтын 3 орталық бар

15.03.2020 17:26

Қызуыңыз көтеріліп, жөтел мен дененің қалтырауы сынды симптомдар байқалса, барып тест тапсыра аласыздар

inform.kz

Егер сіздің дене қызуыңыз көтеріліп, жөтел мен дененің қалтырауы сынды симптомдар байқалса, барып тест тапсыра аласыздар, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

1. Жібек жолы көшесі №3: «Ұлттық сараптама орталығы»

2. Жаһангер көшесі №14: Масғұт Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы

3. Әуезов көшесі  №84: «Санитарлық-эпидемилогиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы»