Батыс Қазақстан облысында соңғы төрт күнде 252 адам коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, 11-14 ақпан аралығында тіркелгендердің 175-інде ауру белгілері болса, қалған 77-сінде симптомы жоқ.
Соның ішінде ЖРВИ белгілері бойынша тексерілген 130, бұрын ауырғандармен қарым-қатынаста болған 93, профилактикалық мақсатта қаралған 22, стационарға емдеуге жатқызу алдында сынама алынған 7 адамнан індет табылды.
Төрт күнде сырқаттанғандардың 151-і, яғни басым көпшілігі Орал қаласында анықталған.
Сондай-ақ Бөрлі ауданында 28, Бәйтеректе 26, Теректіде 17 адамның ауырғаны белгілі болды.
Індет басталғаннан бері облыста 12 124 науқас тіркеліп, соның 9 682-сі жазылып шықты. 199 адам қайтыс болды.
БҚО «сары» аймақта тұрғанымен, эпидемиологиялық ахуал әлі де тұрақсыз болып отыр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың 80 пайызға жуығы жазылып шыққанын жазған болатынбыз.