Тәртіп сақшылары мен санитарлар облысқа кірген, шыққан азаматтардың дене қызуын өлшеп, жеке мәліметін жазып алады
Алматы облысының ШҚО-мен шектесетін тұсына санитарлық бекет қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Алматы облысының Шығыс Қазақстан облысымен шектесетін тұсына санитарлық бекет қойылды. Тәртіп сақшылары мен санитарлар облысқа кірген, шыққан азаматтардың дене қызуын өлшеп, жеке мәліметін жазып алады. Сондай-ақ 6 қарашадан бастап өңірде санитария талаптары күшейтілді.
Облыстық бас санитария дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес 2000 шаршы метрден асатын сауда-ойын-сауық орталықтарының жұмысы тоқтады. Қоғамдық тамақтану орыны, мейрамхана мен дәмханалар да жабылды. 65 жастан асқандарға көшеге шығуға тыйым салынып, қоғамдық орындарда бетперде тағып жүру міндеттелді.
Еске сала кетсек, қазіргі уақытта елімізде коронавирус инфекциясымен ауырғандардың 50%-ы Шығыс Қазақстан облысында анықталған. Ауруды жұқтырғандар саны бойынша облыс қызыл аймақта орналасқан. Өткен аптамен салыстырғанда, өңірде сырқаттанушылық 5,4 есеге өсті, күн сайын 350-ден аса ауру тіркеліп отыр, жағдайы ауыр науқастардың саны артты.