Топ директорының айтуынша, қазір Мейрамбек Бесбаевтың жағдайы жақсы
«МузАРТ» тобының әншісі Мейрамбек Бесбаев Алматыда коронавируспен ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап.
«Иә, кеше түсте жедел жәрдем шақырдық. Жағдайы күрт нашарлап кетті. Алдымен пневмония деген, кейін коронавирус анықталды», – деді «МузАРТ» тобының директоры Ерлан Жүнісбай.
Топ директорының айтуынша, қазір Мейрамбек Бесбаевтың жағдайы жақсы.
«Онымен кеше кешке сөйлестім. Бұл ауруға өзі сенбегенін айтқан. Қалқамандағы №7 аурухананың дәрігерлеріне алғыс айтқысы келеді. Қазақстандықтар мұның қаншалықты қауіпті екенін түсініп, олардан үйде отыруын және қонаққа бармауын сұрады», – деді Жүнісбай.
Айта кетейік, 2019 жылдың қыркүйегінде танымал қазақстандық музыкант Мейрамбек Бесбаев Алматы әкімінің мәдениет мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. Ал 2017 жылдың қарашасында Бесбаев шығармашылық қызметінің 30 жылдығын атап өткен.