Шымкентте карантин 14 қыркүйекке дейін ұзартылды

30.08.2020 20:00

Бұл туралы Шымкент қаласы бас санитария дәрігерінің қаулысында айтылған

Шымкентте шектеу шаралары 14 қыркүйекке дейін ұзартылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Шымкент қаласы бас санитария дәрігерінің қаулысында айтылған.

«Шымкент қаласының аумағында 2020 жылғы 30 тамыз сағат 00:00-ден бастап, 2020 жылғы 14 қыркүйек сағат 00:00-ге дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылсын»,-делінген қаулыда.