Ең алғашқы жағдайлар желтоқсан айында Ұлыбритания мен Нигерияда пайда болды
Ұлыбританияда, сондай-ақ Дания, АҚШ және Австралия сияқты елдерде COVID-19 коронавирусының В1525 деп аталатын жаңа нұсқасы анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
COVID-19 инфекциясының бұл түрі Ұлыбритания, Дания, АҚШ және Австралияны қоса есептегенде 10 елде геномды ретке келтіру нәтижесінде анықталып отыр. Зерттеушілердің айтуынша, тек Ұлыбританияда 32 жағдай тіркелген.
Ең алғашқы жағдайлар желтоқсан айында Ұлыбритания мен Нигерияда пайда болды. Ғалымдардың пікірінше, жаңа нұсқа В117 «британиялық» коронавирус мутациясына ұқсас.
Ғалымдар B1525-тің құрамында «мазасыз мутация жиынтығы» бар деп есептейді, оның ішінде Е484К тікенек ақуызында вирусты антиденелерге төзімді келетін өзгерістер пайда болған.
Коронавирус мутациясы өткен жылдың күзінен бастап едәуір өзгеріске ұшырды. Ұлыбританияда SARS-CoV-2 коронавирусының жаңа, жұқпалы және түбі өлімге алып келетін штаммының пайда болғаны белгілі. Көп ұзамай «британиялық» вирусқа ұқсас коронавирустың Оңтүстік Африка және бразилиялық нұсқалары туралы мәліметтер пайда болды. Жаңа мутациялардың пайда болуы аясында вирустың осы түрлеріне қарсы қолданыстағы вакциналардың тиімділігі туралы мәселе туындады.