COVID-19: Шымкентте індет жұқтырған 835 адам тіркелді

31.05.2020 19:09

Өткен тәулікте қалада тағы 22 адамнан коронавирус анықталды

Фото: Коммерсантъ

Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 22 адам тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

«ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша Шымкент қаласының 22 тұрғынына COVID-19 диагнозы қойылды, олардың 14-і вирусты жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған, 2-і пневмония диагнозымен стационарға жатқызылған, 2-і ақылы түрде қаралған, 1-і стационарға жоспарлы түрде жатқызу алдында тексерілген, 3-і скрининг нәтижесінде анықталған. Барлығы тиісінше жұқпалы аурулар стационарына жатқызылған», - делінген ақпаратта.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес емделіп жатыр. Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.

Ауру ошақтарында зарарсыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бүгінгі күнге дейін қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 835 адам тіркелген, олардың ішінде 263-і жазылып шыққан.