Коронавирус: Ең көп өлім жағдайы тіркелген ел анықталды

көрнекі сурет
көрнекі сурет
Екінші орында Мексика, 48 869 адам қайтыс болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Латын Америкасы – коронавирус жұқтырғандар саны ең көп тіркелген ел, деп хабарлайды Tengrinews.kz Reuters-ке сілтеме жасап.

Бүгінге дейін өңірде коронавирустан 206 мың адам қайтыс болған. Бұл дүние жүзіндегі өлім жағдайының 30 пайызы. Осылайша, Латын Америкасы антирейтинг бойынша Еуропаны басып озды. 

Латын Америкасында ең көп өлім жағдайы Бразилияда тіркелген – 95 819 адам. Екінші орында Мексика, 48 869 адам қайтыс болған.

Сондай-ақ,  COVID-19 Колумбия, Перу, Аргентина мен Боливияда тез тарап жатыр. Сонымен қатар, Латын Америкасы коронавирус жұқтырғандар саны бойынша қатты зардап шеккен ел. Reuters мәліметінше, 3 тамызда COVID-19 жұқтырғандардың саны 5 миллионнан асқан. Науқастар саны жергілікті билік оқшаулану шараларын жеңілдеткеннен кейін көбейе бастаған.

Еске салайық, дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандардың саны 18,4 миллион адамнан асты. Жалпы 698 мың адам СOVID-19-дан қайтыс болған.  

Новости партнеров