Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева айтты
Соңғы апта ішінде елордада коронавируспен ауырғандар саны 1,3 есе артты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Жыл басынан, яғни 13 наурыз бен 28 қазан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус індетінің 14 510 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 8 929 симптоммен, 5 581 симптомсыз. Қаладағы сырқаттанушылық көрсеткіші республикалық орташа деңгейден 2,1 есе жоғары және 10 мың тұрғынға шаққанда 1 256,1-ді құрайды. Қазақстан бойынша - 604,9. 14 510 жағдайдың 161-і сырттан келгендер болса, 10 439-ы жергілікті тұрғындар арасында, 3 903-і байланыста болған адамдардан анықталды. Бүгінгі күні байланыста болған 18 220 адамның 17 438-і карантиннен алынды. Амбулаторлық емдеумен жазылып шыққандардың саны - 13 939 адам, қайтыс болғандардың саны - 319 адам. 230 адам стационарлық және амбулаторлық ем қабылдап жатыр», – деді ол.
Оның дерегінше, жас құрамы бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдардың көбі 40 жастан асқандар және барлық жағдайлардың 42 пайызын құрайды. Сонымен қатар 18 жасқа дейінгі балалар арасында КВИ жұқтырғандар 8 пайызды, 18-29 жас аралығындағылар 22 пайызды, 30-39 жас аралығындағылар 28 пайызды құрайды.
«Егер қалада корнавирус індеті тіркелген ең алғашқы кезде ерлер арасында ауырғандардың саны басым әрі 60,3 пайызды құраса, 9 айдың қорытындысында ауырып қалған әйелдердің үлесі артып, 53 пайызға жетті. Короавирус инфекциясымен ауырғандарды тіркеу жағдайы әлі де жалғасып жатыр. Тәулігіне 15-тен 33-ке дейін аурудың симптомдары бар жағдайлар тіркеледі»,– деді Жанна Пірәлиево.
Елорданың бас санитар дәрігерінің атап өтуінше, қалада ерсектер арасында да, мектеп жасындағы балалар арасында да коронавирус инфекциясы тіркелуде.
«8 күннің, 7-14 қазанның аралығында репродуктивтілік саны 1-ден асып түсті. Соңғы 13 күннің ішінде репродуктивтілік саны төмендеді. Бірақ, бүгіннен бастап репродуктивтілік сан 1-ден асып, 1,8-ді құрап отыр. Сонымен қатар соңғы аптада ауырғандардың алдыңғы аптамен салыстырғанда 1,3 есе немесе 28 пайызға көбейді», – деді ол.