АҚШ коронавирус жұқтырғандар саны 10 миллионнан асқан алғашқы ел болды
Фото: ашық дереккөзден
Соңғы жеті күнде 105 600 коронавирус жағдайы тіркелді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Америка Құрама штаттары әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 10 миллионнан асқан алғашқы ел болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
АҚШ-та соңғы жеті күнде 105 600 коронавирус жағдайы тіркелді. Бұл кез келген басқа елден әлдеқайда көп. Жұқтырғандар санының өсімі 29 пайыз болды - Үндістан мен Францияның көрсеткіштерінің қосындысы.
Ал дүние жүзі бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 50,2 миллионнан асты.
Елде қарашаның алғашқы аптасында 10,5 миллионға жуық тест жасалған. Оның 6,22 пайызы оң нәтиже көрсетті.
Сондай-ақ, дереккөз мәліметінше, Нью-Йоркте 33 000 мың адам қайтыс болды және бұл АҚШ-тағы жалпы өлімнің 14 пайызы.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
04.11.2026 08:20
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды
03.11.2026 08:30
Әсел Жанасова Көлік министрі болып тағайындалды
03.11.2026 18:25