COVID-19: Ұлыбритания тұрғындары жаппай азық-түлік сатып алып жатыр

22.09.2020 19:13

Сатушылар тұрғындардан дүрбелең тудырмауды сұрап жатыр

tengrinews.kz

Ұлыбритания билігі COVID-19 жұқтырғандар саны көбеюіне байланысты бүкіл ел бойынша шектеу шараларын енгізіп жатқанда, халық тағы да дүрбелеңге түсіп, жаппай азық-түлік сатып алып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Сатушылар тұрғындардан дүрбелең тудырмауды сұрап жатыр. Алайда егер дүрбелең жалғаса берсе дүкендерде наурыз айындағыдай азық-түлік тапшылығы болады дейді.

Наурызда алғашқы карантин кезінде жергілікті халық 60 миллион фунт (шамамен 33 миллиард теңге) тауар сатып алған екен.