Коронавирусқа шалдыққан 242 адамның жағдайы ауыр

18.12.2020 19:15

Жалпы коронавирустан 25 349 адам ем қабылдап жатыр

Фото: ашық дереккөзден

18 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 25 349 адам короновирус инфекциясынан (13 515 КВИ+ және 11 834 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 389 пациент стационарда, 20 960 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 

242 адамның жағдайы ауыр; 

35 пациенттің жағдайы өте ауыр; 

40 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.