АҚШ-та шетел азаматтарына міндетті вакцинация енгізілуі мүмкін

05.08.2021 19:16

Жаңа жоспар АҚШ халықаралық сапарларға шектеуді алып тастай бастағанда күшіне енеді деп күтіледі

Фото ©REUTERS

АҚШ президенті Джо Байденнің әкімшілігі елге келетін шетелдік қонақтардың бәрі дерлік COVID-19-ға қарсы вакцина алуы керектігі туралы жоспар әзірлеп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Ақ үй өкілінің айтуынша, Байденнің әкімшілігі ведомствоаралық топтарға шетелдіктер үшін кезең-кезеңімен жұмысты қайта бастауды тапсырған.

Жаңа жоспар АҚШ халықаралық сапарларға шектеуді алып тастай бастағанда күшіне енеді деп күтіледі. Дереккөздің айтуынша, нақты уақыты әлі анықталмаған.

АҚШ-та "дельта" үнді штамы вакцина алмағандар арасында өскені байқалады. Осыған байланысты қолданыстағы шектеулер шетелдік саяхатшылардың көпшілігіне елге кіруге мүмкіндік бермейді. АҚШ-қа келген барлық адам, вакцина алғанына қарамастан, COVID-19-ға сынама тапсыруы керек.

АҚШ-қа кіруге төтенше шектеулер алғаш рет Қытайға қатысты 2020 жылдың қаңтарында COVID-19-дың таралуына байланысты енгізілген. Кейін ЕО кеңесі маусымда Шенген елдеріне АҚШ, Австралия, Израиль, Жапония, Оңтүстік Корея, Руанда және Қытай кірген елдер тізімінен саяхатшыларға кіруге рұқсат беруді ұсынды. Сонымен қатар, Ұлыбритания АҚШ-тан толық вакцина алып келген саяхатшылар үшін міндетті карантинді алып тастады.

Бұған дейін ЕО АҚШ-ты еуропалық саяхатшылардың кіруіне шектеуді алып тастауға шақырғаны хабарланған болатын.