|
11.10.2020 | 14:17
1062

ДДҰ коронавирусты қайта жұқтыру жағдайларын зерттейтін арнайы топ құрды

ДДҰ коронавирусты қайта жұқтыру жағдайларына байланысты мәлімдеме жасады

ДДҰ коронавирусты қайта жұқтыру жағдайларын зерттейтін арнайы топ құрды verelq.am

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты қайта жұқтыру жағдайларын зерттейтін арнайы топ құрды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

ДДҰ Төтенше аурулар бөлімінің техникалық тобының жетекшісі Мария Ван Керкховтың айтуынша, ұйымда адамдарда күшті иммунитет қалыптасқаны туралы мәліметтер бар, бірақ оның қанша уақытқа созылатыны әлі белгісіз.

«Біз көптеген елдегі қайта жұқтыру жағдайларын білеміз. Бізде қайта жұқтыру жағдайларына арнайы жұмыс тобы бар. Себебі сұрақтар көп. Қазіргі уақытта әртүрлі елден көптеген хабарлама түседі, бірақ бізде вирусты қайта жұқтырған халықтың пайыздық есебі жоқ. Бірінші инфекциядан кейін қандай және екінші инфекциядан кейін қандай иммунитет пайда болады? Антиденелер саны өсе ме немесе азая ма және онда не болып жатыр?» – деді ол.

ДДҰ жауап табуға үміттенетін тағы бір сұрақ - аурудың қайталануы қаншалықты ауыр болады? Вирустың жеңіл түрін жұқтыру мүмкін бе?

Оның айтуынша, ДДҰ-да COVID-19 жұқтырып, аурудан айыққан адамдарда күшті иммунитет дамитыны туралы мәліметтер бар, бірақ оның қанша уақытқа созылатыны әлі белгісіз. Кейбір зерттеуде мықты иммунитет бес айға дейін сақталатыны көрсетілген, ал басқалары антиденелер аз мөлшерде пайда болатынын айтады.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир