Ғалымдар КВИ қалай жұғатынын анықтады

23.09.2020 19:17

Вирустың таралуы ауадағы ылғалдың булану жылдамдығымен байланысты

worldclassmag.com

Ғалымдар коронавирус қалай жұғатынын анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, вирустың таралуы ауадағы ылғалдың булану жылдамдығымен байланысты.

Ғалымдар теориялық модельдеу және гидродинамикалық эксперименттердің көмегімен ылғалдың, қоршаған ортаның температурасы мен желдің жылдамдығының вирустың бөлшектері бар сілекейдің ең кішкентай тамшыларының таралуына әсер еткенін анықтаған.

Вирустың өмір сүруі жоғары температурада және төмен салыстырмалы ылғалда айтарлықтай төмендегені белгілі болды. Ылғалы жоғары ыстық ауа райында коронавирустың таралу ықтималдығы жоғары болып қала береді дейді ғалымдар.