Ақмола облысы «қызыл аймақ» тізіміне қайта қосылды
31 желтоқсанда екі облыс, атап айтқанда, Атырау мен Ақмола облысы «қызыл» аймақта
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанда қазіргі таңда екі облыс «қызыл» аймақта тұр, деп хабарлайды Almaty.kz тілшісі ҚазАқпарат сілтеме жасап.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мәліметіне сәйкес, 31 желтоқсанда екі облыс, атап айтқанда, Атырау мен Ақмола облысы «қызыл» аймақта. Кешегі матрица бойынша «қызыл» аймақта тек Атырау облысы болған еді. Ал «сары» аймақта Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстары және Нұр-Сұлтан, Алматы қаласы тұр. Бүгін «қызыл» аймаққа Ақмола облысы да кірді. Қалған облыстардың бәрі де «жасыл» аймақта орналасқан.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
16.11.2026 09:20
Алматыда 16-22 қараша аралығында ауа райы қандай болады
16.11.2026 11:20
Президент ҰҚК-нің жаңа төрағасын таныстырып, міндеттер жүктеді
16.11.2026 12:20
Әуезов ауданында жаяу жүргіншілер аймақтары жаңартылды
16.11.2026 10:00
Тау және скрипка: Алматының әсем табиғатында әуен әуеледі
16.11.2026 13:20