Халықаралық әуе рейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат жарияланды

27.02.2021 19:20

Мысырдан ұшып келген қазақстандықтан коронавирус анықталды

Кейінгі тәулікте халықаралық әуе рейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

2021 жылдың 26 ақпанында Қазақстан Республикасының аумағына Латвия, ҚХР, Шри-Ланка, БАӘ, Мысыр, Түркия, Армения, Грузия, РФ, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 27 халықаралық әуе рейсі келді.

3 633 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 3 294 адам, анықтамасыз 339 адам келді.

Оның ішінде:

• Алматы қаласының әуежайына – 13 рейс, 2 270 жолаушы, анықтамамен - 2 052, анықтамасыз - 218;

• Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 10 рейс, 1 260 жолаушы, анықтамамен - 1 139; анықтамасыз - 121;

• Ақтау қаласының әуежайына – 2 рейс, 87 жолаушы анықтамамен келген;

• Қарағанды қаласының әуежайына – 2 рейс, барлық 16 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген қазақстандықтар COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және қазір карантиндік стационарларда нәтижесін күтіп жатыр.

Сонымен қатар, 25 ақпанында анықтамасыз келген 496 Қазақстан азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Шарм-эль-Шейх - Нұр-Сұлтан рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды.