Автобустарға бетпердесіз кіруге тыйым салынады
Елордада жексенбі күні, 22 қарашада қоғамдық көлік жұмысы бір күнге тоқтатылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі City Transportation Systems баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Елорда коронавирус инфекциясының таралуы бойынша «сары аймақта». Нұр-Сұлтан қаласының ведомствоаралық комиссиясының шешіміне сәйкес қоғамдық көлік жексенбі күні жүрмейді. Дүйсенбі күні, 23 қарашадан бастап автобустар қалыпты кестесіне сәйкес қайтадан қатынайды, – делінген компанияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Автобустарға бетпердесіз кіруге тыйым салынады. Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді.