COVAX-19 екпесін алған Қайсар Табынов денсаулығы жайлы айтты

07.08.2020 19:24

Вирусолог бұл қадам Қазақстан үшін аса маңызды тәжірибе болатынын айтты

inform.kz

Қазақ Ұлттық аграрлық университеті жанындағы Халықаралық Вакцинология орталығының директоры Қайсар Табынов COVAX-19 екпесі туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Вирусолог бұл қадам Қазақстан үшін аса маңызды тәжірибе болатынын айтты.

«Австралиялық Vaxine Pty ltd шығарған COVAX-19 екпесін қабылдағаныма 8-күн өтті. Кеше иммунитетімнің қаншалықты жұмыс істеп жатқанын білу үшін биохимиялық және гематологиялық қан талдауын тапсырдым. Барлық көрсеткіштер қалыпты болып тұр. Вакциналық ақуызға антиденелер көрсеткіші келесі аптада шығады», – деді ол.