Қазақстанда «қызыл» аймақта бірде-бір өңір қалмады

05.01.2021 19:24

«Сары» аймақта Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары және Атырау, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары бар

Фото: 24.kz

Қазақстанда «қызыл» аймақта бірде-бір өңір қалған жоқ, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап.

Ведомствоаралық комиссия «қызыл», «сары» және «жасыл» аймақтарға қатысты мәлімет берді. Оның мәліметінше, Қазақстанда «қызыл аймақта» бірде-бір өңір қалған жоқ. Сонғы кездері ол аймақта Атырау облысы болатын. Кейін ол «сары» аймаққа өтті. Сондай-ақ, бұл аймақта Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облысы бар.

Қалған өңірлердің барлығы «жасыл» аймақта.