Қытайда коронавирустың жаңа түрі пайда болды

16.03.2022 19:25

Аспанасты елінің ондаған қаласында мыңнан астам вирус жұқтырғандар анықталды

Almaty.tv

Қытайда коронавирустың жаңа түрі пайда болды. Онда «стелс-омикрон» жұқтырғандардың күрт өскені байқалған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Аспанасты елінің ондаған қаласында мыңнан астам вирус жұқтырғандар анықталды. Ғалымдардың пайымынща, бұл пандемия басталғаннан бергі ең қауіпті штамм. Және «омикронға» қарағанда тез жұғады. Осыған орай, елде тағы да бірқатар шектеу енгізілді. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ковидке қарсы вакциналаудың қажеттілігін түсіндіруді жалғастыруда.

«Адам ағзасы ковид сынды жаңа вирусқа ұшыраған кезде иммундық жүйе іске қосылады. Бірінші және ең жылдам реакция – антиденелерді түзу. Осы ретте есте сақтау реакциясы дамып, келесі жолы ағза сол вирусты көргенде, тезірек әрекет ете алады. Айта кету керек, вакцина – иммунитетті ынталандырудың қауіпсіз әдісі», - деді ДДСҰ Бас ғылыми қызметкері Сумья Сваминатан.