Атырау облысында корнавирус инфекциясын жұқтырған тағы 11 жаңа жағдай тіркелді. Ауырғандардың бәрі – бұған дейін Covid-19 жұқтырған науқастармен байланыста болған адамдар, деп хабарлайды Almaty.tv coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Корнавирус инфекциясын жұқтырған пациенттермен байланыста болған барлық адамнан зертханалық сынамалар алынды.
«ПТР
диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы қойылды. Қазіргі
уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес
тиісті ем жүргізіледі.
Науқастармен байланыста болған адамдар анықталды, олардың барлығы медициналық
бақылауға алынды. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде», -
делінген Атырау облысының ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабының
хабарламасында.