Коронавирус: Қырғызстанда алғашқы 3 жағдай тіркелді

18.03.2020 19:26

Азаматтар Сауд Арабиясынан ұмра қажылықтан оралған

Sputnik Кыргызстан

Қырғызстанда коронавирус инфекциясына қатысты алғашқы үш жағдай тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы бүгін брифингіде Қырғызстанның Денсаулық сақтау министр Космосбек Чолпонбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, індетті жұқтырғандар Қырғызстан азаматтары, олар Сауд Арабиясынан ұмра қажылықтан оралған.