Батыс Қазақстанда бір күнде 2 медқызметкерден коронавирус табылған

27.04.2020 19:27

Осылайша БҚО-да сырқаттанғандар саны 122-ге жетсе, соның жетеуі жазылып шықты

ашық дереккөз

Батыс Қазақстанда бір күнде 2 медқызметкерден коронавирус табылған, деп хабарлайды Қазақпарат. 

Бүгінгі мәлімет бойынша, облыста 6 науқас тіркелсе, соның екеуі – Ресей Федерациясында вахталық әдіспен жұмыс істейтін Түркістан облысы мен Шымкент қаласының 23 және 24 жастағы тұрғындары. Олар «Сырым» бекетінен өткеннен кейін карантиндік стационарға жатқызылып, зерханалық сынама алынғаннан кейін анықталған.

Сонымен қатар, 2 кіші медицина қызметкері коронавирус жұқтырса, тағы екеуі – стационар қызметкерлері.

Олар бұрын ауырғандармен қарым-қатынаста болған. Осылайша БҚО-да сырқаттанғандар саны 122-ге жетсе, соның жетеуі жазылып шықты. Ауырғандардың ішінде 12-сі – медицина қызметкерлері.