Оңтүстік Кореяда қатаң әлеуметтік қашықтық режимі ұзартылды

12.03.2021 19:27

Бұған елде Covid-19 вирусының кездейсоқ кластерлік инфекциясының тарала бастауы себеп болып отыр

ҚазАқпарат

Оңтүстік Корея өзінің әлеуметтік алыстату шараларын тағы екі аптаға ұзартады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұған елде Covid-19 вирусының кездейсоқ кластерлік инфекциясының тарала бастауы себеп болып отыр. 

«Үкімет 14 наурызда аяқталатын әлеуметтік қашықтықты сақтауды тағы екі аптаға ұзартады»,– деді премьер-министр Чунг Се Кун Сеулдегі COVID-19-ға қарсы кезекті кездесуде. 

Елдің 52 миллион халқының жартысына жуығы тұратын Сеулдің басым аумағы 2-ші, ал қалған бөлігі келесі аптадан бастап тағы екі апта бойы 1,5 деңгейде болады.