Қазақстанда қауіпті вирус жұқтырған 53-ші адам Алматы облысына Ыстамбұлдан Бішкек арқылы келген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріптің мәлімдеуінше, 1986 жылғы ер адам 17 наурызда Ыстамбұлдан Бішкекке ұшып келген, ал Қазақстанға 18 наурыз күні көлікпен жеткен. Ол Сауд Арабиясына қажылыққа барып келген екен.
«Ауру жұқтырған науқас қазір ауруханада жатыр», - деді Д. Ахметшәріп.
Еске салайық, 21 наурыз күні таңертең Алматы облысы Қаскелең қаласында тағы бір адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Ол елімізде қауіпті вирус жұқтырған 53-ші адам ретінде тіркелді.
Одан басқа, бүгінгі таңда коронавирустан Нұр-Сұлтан қаласында – 28 адам, Алматыда – 22 адам, Қарағандыда 2 адам емделіп жатыр.