Қазір бұл елде коронавирус жұқтырғандардың 96 пайызға жуығы оңтүстікафрикалық штаммен ауырады
Польшада «омикрон» штамының екі жаңа нұсқасы табылды. Мамандар вирустың бұл түрлері адам ағзасына қалай әсер ететінін және оның қандай симптомдары барын толық зерттеуден кейін белгілі болады деп отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Қазір бұл елде коронавирус жұқтырғандардың 96 пайызға жуығы оңтүстікафрикалық штаммен ауырады.
Жалпы, кәрі құрлықта карантин шаралары жеңілдеп жатыр. Мысалға, италиялықтар медициналық бетпердені карнавалдық бетпердеге алмастырды. Соңғы екі жылда алғаш рет өтіп жатқан шараға туристер де шақыртылған.
«Тура бұрынғыдай деп айта алмаймын. Әлдеқайда тыныш, шаралар да аз. Алайда біз мерекемізді өз деңгейінде және көңілді өткіземіз», «Адам көп емес. Бірақ көңіл күйіміз керемет. Басымыз аман, деніміз сау. Ең бастысы да сол ғой», дейді тұрғындар.
Елімізде де вирустың таралуы бәсеңдеп келеді. Өткен 24 сағаттың ішінде 1 мыңнан аса адам вирус жұқтырған. Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау және Атырау облыстарында эпидемиологиялық жағдай оңалып келеді. Ал вирус жұқтыру дерегі бойынша Алматы көш басында тұр. Мегаполисте 480 жағдай анықталған. Одан кейін Павлодар облысы тұр, онда 141 тұрғыннан вирус анықталған.