|
01.04.2021 | 14:28
826

ШҚО-да 8653 адамға COVID-19-ға қарсы вакцина салынды

Ал ревакцинациядан 7282 медицина қызметкері өтті

ШҚО-да 8653 адамға COVID-19-ға қарсы вакцина салынды  Фото: ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысында 1 сәуірдегі жағдай бойынша 8653 адамға коронавирусқа қарсы вакцина салынды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ШҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, COVID-19 вакцинасының бірінші компонентін 14 мемлекеттік қызметші, созылмалы ауруы бар 157 адам, 403 мұғалім, құқық қорғау органдарының 410 қызметкері, 107 учаскелік полицей, медициналық, әлеуметтік және жабық балалар мекемелерінің 88 қызметкері алған. Ал ревакцинациядан 7282 медицина қызметкері өтті. Сондай-ақ 3 студент пен 189 адамға вакцина егілген. Алғашқылардың бірі болып вакцина алғандардың қатарында №1 Самар орта мектебіндегі ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Анар Ахмадиева бар. 

«Вакцина салдыруға өз еркіммен келістім. Өйткені жұмыста күн сайын көп адаммен байланыста боламыз. Коронавируспен ауырмағандықтан, өзімді, оқушыларымды және туыстарымды қауіпті дерттен қорғау үшін вакцина алуды өзіме міндет санадым. WhatsApp-тағы түрлі өсек-аяңға құлақ аспай, ресейлік әріптестердің шолуларын, вакцинаның құрамын, вакцинация ережелерін мұқият зерттедім. Вакцина егілгеннен кейін дене қызуым 39,2-ге дейін көтерілді. Дәрігерлердің кеңесімен парацетамол ішіп едім, таңға жуық температурам түсті»,– дейді ол. 

Анар Ахмадиеваның айтуынша, вакцинация арқасында карантин шектеулері жеңілдетіліп, тезірек қалыпты өмірге орала аламыз.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир