Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасының тезірек сауығып кетуін тіледі

18.06.2020 19:30

Бұл туралы Президент өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды

Фото: Владислав Воднев

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тезірек сауығып кетуін тіледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. Бұл туралы Президент өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Өкінішке қарай, коронавирус біздің Тұңғыш Президентіміз, Елбасыны да айналып өтпеді. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тезірек сауығып кетуін тілеймін. Ол – рухы мықты адам. Оның бүкіл өмірі күреске толы, сондықтан ол бұл сынақты да жеңіл еңсереді деп сенемін», – деп жазды Президент.

Еске салсақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев коронавируске байланысты оқшауланғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Толық көрсету