Ресейде әлемдегі алғашқы ковид-19-ға қарсы жануарларға арналған вакцина тіркелді
Коронавирус ауруы алғаш рет 2019 жылы желтоқсан айының ортасында тіркелді. Бір жылдан аса уақыт өтсе де, індет әлі де өршіп тұр. Almaty.tv тілшісі әлемдегі эпидахуалға көз жүгіртті.
Францияның 19 өңірінде ғана болған карантин, елдің барлық аймағына жарияланды. Ел билігінің айтуынша, шектеу кем дегенде 1 ай бойы алынбайды. Эммануэль Макронның мұндай шешім қабылдағанына ел аумағында британдық штамның таралуы күшейіп кетуіне байланысты.
Ресейде әлемдегі алғашқы ковид-19-ға қарсы жануарларға арналған вакцина тіркелді. Дүниежүзілік жануарлардың денсаулығын сақтау ұйымы атап өткендей, жыртқыштардың кейбір түрлері вирусқа сезімтал. Бұл ауруды анықтау жағдайлары әлемнің көптеген елдерінде тіркелген. Сонымен, антидот көбінесе патогендердің түраралық таралуы кезінде пайда болатын вирустық мутацияның дамуын болдырмауға көмектеседі.