Алматы мен Нұр-Сұлтанда COVID-19-ға тегін экспресс тестілеу басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл жөнінде мемлекеттік комиссияның жедел штабы хабарлайды. Сынақтарды елдегі клиникалық диагностикалық зертханалар желісінің бірінде тапсыруға болады. Бірақ ол үшін пациент алдымен cdl.kz сайтында сауалнаманы толтыру керек. Сауалнаманың нәтижелері бойынша Денсаулық сақтау министрлігінің мамандары эпидемиологиялық көрсеткіштеріне сәйкес тізім жасайды. Содан кейін ғана зертханаға жіберіледі. Клиниканың байланыс орталығының операторы тізімдегі тест тапсырушылармен байланысып, қай уақытта тест тапсыру керектігін хабарлайды. Медициналық мекемеге міндетті түрде қорғаныс құралдарымен бару қажет және адамдар арасында қажетті қашықтықты сақтау керек. Тест нәтижелері сауалнамада көрсетілген электронды поштаға жіберіледі.