Ата-аналар балаларына КВИ туралы түсіндіруі тиіс – инфекционист

03.09.2020 19:32

Балалар егер карантин талаптарын сақтамаған жағдайда карантин кезіндегі ахуал қайтып келетінін түсінуі тиіс

dettol.ru

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқарманың штаттан тыс бас инфекционисті Тамара Ұтағанова оқу жылының басталуына байланысты ата-аналарға сақтық шаралары туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Инфекционист дәрігер ата-аналардың балаларға өз әрекетімен үлгі көрсетуі маңызды деп санайды.

«Оқу жылы басталғалы бері мектептерде 1-2 сынып оқушыларына арналған кезекші топтары ашылады. Эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, ата-аналарда мектепке баратын балалардың қауіпсіздігі туралы орынды сұрақтар туары сөзсіз. Ата-аналар балаларына КВИ туралы түсіндіруі тиіс. Балалар егер карантин талаптарын сақтамаған жағдайда карантин кезіндегі ахуал қайтып келетінін түсінуі тиіс. Демалысқа бармай, үйде қамалып отырып қалуы мүмкін. Біз балаларға тек өзіміз үлгі бола аламыз», – деді Тамара Ұтағанова Алматыда өткен онлайн брифинг барысында.

Инфекционист маман интернетте тарап жатқан Кавасаки тектес синдром туралы ақпаратқа қатысты да ойын айтты.

«КВИ ауырған балаларда Кавасаки тектес синдром сияқты асқынулар болатыны дәлелденді. Осыған байланысты профилактикалық шараларды сақтау өте өзекті болып отыр. Ондай деректер бізде қазір тіркеліп жатыр. Алайда, бұл аурудың клиникалық белгілері әлі зерттелуде, ол ұзақ зерттеуді талап етеді»,– деді «И.Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» МКК дәрігер-сарапшысы Т.Ұтағанова.