Қызылордада 3 күнде 340 адам вакцина салдырды

Фото. ашық дереккөзден
Фото. ашық дереккөзден
Бүгінде коронавирус инфекциясына қарсы екпе жасау жұмыстары қарқынды жүруде
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қызылордада 3 күнде 340 адам вакцина салдырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бүгінде коронавирус инфекциясына қарсы екпе жасау жұмыстары қарқынды жүруде. Биылғы жылдың 1 ақпанынан бастап үш күн ішінде 340 адам вакцина салдырған. Оның ішінде 320-сы медицина қызметкері болса, қалғаны – екпе салдыруға ниет білдірген тұрғындар. Қаладағы №6 қалалық емхананың аға мейірбикесі Ләззат Байтабынова ерікті түрде екпе алғандардың бірі. Вакцина салдырғаннан кейін денсаулығымда еш өзгеріс болған жоқ дейді ол. 

«Тұрғындармен жиі қатынаста боламыз. Медицина қызметкерлерінің вирус жұқтыру қаупі өте жоғары. Сондықтан әрбір дәрігер және азаматтар екпе салдырғаны дұрыс деп есептеймін. Қазіргі таңда осы екпенің арқасында көптеген дерттің алдын алуға болады. Екпе салдырғалы бері денсаулығымда еш өзгеріс орын ала қойған жоқ. Сондықтан өзге азаматтарды да вакцина алуға шақырамын», – дейді Ләззат Байтабынова. 

Өңірге «Спутник V» ресейлік вакцинасының 1000 дозасы жеткізілді. Қалғаны кезең-кезеңімен келетін болады. Бұл жұмыстарға қазір №1, №3 және №6 қалалық емханалардан 3 егу кабинеттері дайындалған. Екпе жұмыстарын жүргізуге облыс бойынша барлығы 133 мейірбике, 89 дублер тартылған. 

Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын Қызылорда облысында бірқатар басшы азаматтар коронавируске қарсы вакцина салдырды.

Новости партнеров