Шымкенттің бас санитар дәрігері жәрмеңкелердің жұмысына рұқсат берді

09.10.2020 19:33

Демалыс және мереке күндері жабық базарларға тыйым салынады

Фото: ашық дереккөзден

Шымкенттің бас санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев жаңа қаулысында карантинді ұзартты және жәрмеңкелердің жұмысына рұқсат берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Азық-түлік және азық-түлік емес базарлар мен жәрмеңкелерге толымдылығы 30 пайыздан аспайтын және ауданы бір адамға кемінде 4 шаршы метрден болған жағдайда 6.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді.

Демалыс және мереке күндері жабық базарларға тыйым салынады.

«Жәрмеңкелердің қызметін күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып жүзеге асыру, оның ішінде дезинфекциялық тоннель мен санитайзерлер орнатуды қамтамасыз ету керек»,– делінген қаулыда.

Сондай-ақ, жаңа құжатта жәрмеңкелерде балалар ойын алаңдарының, батуттар мен фуд-корттарының жұмысына тыйым салу алынып тасталған.

Құжат Шымкент қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің сайтында жарияланды.