Алматыда карантин тәртібін бұзған 250-ге жуық адамның әрқайсысына 87 мың теңге айппұл салынды

06.04.2021 19:34

2 мекемеден 150-ге жуық адамды ұстап, полиция басқармасына жіберді

Алматыда мониторингтік топтар өткен түні ережеге бағынбаған бірнеше кәсіпкерлік нысанды анықтап, барлық келушіге айыппұл салды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әуелі Медеу ауданының тексерушілері Назарбаев даңғылы мен Зенков көшесінің бойында орналасқан  3 бірдей бар клубты анықтап, жалпы 90-ға жуық адамды ұстаған. Одан бөлек, Алмалы  ауданының монитрингтік тобы да карантиндік талаптарға бағынбаған мейрамхана мен түнгі клубтың жұмысын әшкереледі. Нәтижесінде 2 мекемеден 150-ге жуық адамды ұстап, полиция басқармасына жіберді. Олардың бәрі әкімшілік жазаға тартылып, әрқайсысы 87 мың теңге көлемінде айыппұл арқалады.