Қазақстанда коронавирустан айыққан адам саны 94 мыңға жуықтады

26.08.2020 19:35

Алматыда 12 мың 701 адам жазылып шықты

көрнекі сурет

Қазақстанда коронавирустан айыққандар саны 93 мың 990 адамға жетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның 12 мың 646-сы Елордада болса, Алматыда 12 мың 701 адам жазылып шықты. Шымкентте бұл көрсеткіш 4 мың 425. Жалпы ел аумағында 105 мың 75 азамат ауру жұқтырса, өкінішке қарай 1 мың 544 отандасымыз дерттің құрбаны болды.