Коронавирус: Алматы облысында 22 оқушы ем қабылдап жатыр

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Апталық өсім 0,2 пайыз
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысында 22 оқушы коронавирустан емделіп жатыр. Олардың төртеуі мектепке барып жүрген оқушылар болса, қалғаны онлайн оқып жүріп жұқтырған, деп деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алматы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асхат Шарапиев баспасөз мәслихатында өңірде эпидемиялогиялық ахуал қалыпты екенін жеткізді. Апталық өсім 0,2 пайыз. Соңғы тәулікте 17 адамнан анықталды. 

«Індет жұқтырған оқушылардың барлығы симптомсыз аурулар. Сондықтан олар үй карантинінде медициналық бақылауда жатыр. Олармен қарым-қатынастағы адамдардың барлығы зерттеліп, нәтижелері теріс», – деді Асхат Шарапиев. 

Естеріңізге сала кетсек 7 қарашадан Алматы облысы мен Шығыс Қазақстан облысы шекарасында яғни Алматы-Өскемен тас жолының 601 шақырымында санитарлық бекет қойылды. Ол жерде тәртіп сақшылары мен медицина мамандары облыс аумағына кірген-шыққан азаматтардың дене қызуын тексеріп, сауалнама жасап, мәліметтерін тіркеуге кіріскен.

Новости партнеров