ШҚО-да блок-бекеттер қайта орнатылатын болды

ustinka.kz
ustinka.kz
Соңғы тәулікте Шығыс Қазақстан облысында коронавирус инфекцияның 139 жағдайы анықталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Соңғы тәулікте Шығыс Қазақстан облысында коронавирус инфекцияның 139 жағдайы анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.

100 мың адамы бар елді-мекеннің көрсеткіші республикалық деңгейден асып, 683,6-ны құрады.

«Аймақтың эпидемиологиялық ахуалының нашарлауының негізгі себептері тұрғындар мен кәсіпкерлік субъектілердің эпидемияға қарсы шектеу шараларын сақтамауы, сонымен қатар көрші мемлекеттерден жолаушылар мен жүк тасымалдарының үздіксіз келуі болды», – деді Шығыс Қазақстан облысы Тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаменті директорының міндетін атқарушы Талғат Тұңғышбаев.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының үкіметімен келісе отырып, 2020 жылдың 1 қарашасынан бастап Шығыс Қазақстан облысының сыртқы шекараларына блок-бекеттер орнату қарастырылады.

«Қазіргі эпидемиологиялық жағдайда облыс басшылығы Өскемен қаласы мен облыс тұрғындарының қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды. Кәсіпорындар, азық-түлік дүкендері, дәріханалар, банктер, халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейді. Біз бизнесті енгізілген карантиндік шаралар салдарынан барынша қорғауға тырысамыз», – деді ол.

Новости партнеров