Коронавирус жұқтырған әр адам 30-50 адаммен байланыста болған

29.03.2020 19:39

Қазіргі уақытта оларды ауруханаға жатқызу жұмыстары басталды

liter.kz

Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова қалада коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу бағытында бірқатар жұмыс атқарылып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды  Almaty.tv  тілшісі.

«Ауру жұқтырған адамдармен байланыста болғандарды анықтау белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Коронавирустық инфекцияны тасымалдаушы екені анықталғандардың әрқайсысы кемінде 30-50 адаммен байланыста болған. Оларды оқшаулау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл адамдар аталған инфекцияны белсенді тасымалдаушы болып саналмайды. Қазіргі уақытта оларды ауруханаға жатқызу жұмыстары басталды», - дейді Сәуле Қисықова Хабар24 арнасында өткен онлайн брифингте.