Қазақстанға ұшып келген 236 жолаушыда ПТР-тесті анықтамасы болмаған

30.01.2021 19:40

Алматы қаласының әуежайына - 4 рейс, 740 жолаушы, анықтамамен 568, анықтамасыз 172 адам келген

korolevriamo.ru

2021 жылғы 29 қаңтарында Қазақстан Республикасының аумағына БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, РФ және Беларусь Республикасынан 12 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

1453 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 217 адам, анықтамасыз 236 қазақстандық келді.

Оның ішінде:

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына - 7 рейс, 688 жолаушы, анықтамамен - 624; анықтамасыз - 64;

- Алматы қаласының әуежайына - 4 рейс, 740 жолаушы, анықтамамен - 568, анықтамасыз - 172;

- Ақтау қаласының әуежайына - 1 рейс, 25 жолаушы анықтамамен келді.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

Шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет

2021 жылдың 28 қаңтарында анықтамасыз келген 433 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша 3 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды. Олардың ішінде 2 жолаушы Дубай - Нұр-Сұлтан рейсімен, бір жолаушы Шарм-эль-Шейх - Нұр-Сұлтан рейсімен келген.