Алматыда мониторинг орталығы бір ай ішінде қауіпті тобындағы 1 200-ден астам науқасқа кеңес берді

14.08.2020 19:41

Стационарларда бақылау және сұрыптау бокстары, операциялық және емханалық бөлімшелер бар

открытые источники

Алматыда мониторинг орталығы бір ай ішінде қауіпті тобындағы 1 200-ден астам науқасқа кеңес берді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында, Алматы қаласы Денсаулық сақтау Басқармасының басшысы Камалжан Надыров мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Спикер эпидемиологиялық ахуалдың қандай екенін және Алматыдағы covid-19 ауруымен сырқаттану, науқастарды басқару моделі туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

«Біз резервтік төсек санын арттыруды жалғастырамыз. Жаңа, тез салынатын модульдік аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бұл 300 төсек-орынға арналған екінші модульдік инфекциялық стационар болады. Оның ішінде 30 – реанимациялық орын бар. Сонымен қатар стационарды бірінші эшелонның толыққанды клиникасы ретінде медициналық техникамен жабдықтау және қажетті кадрлармен толықтыру мәселесі пысықталуда», – деді басқарма басшысы.

1 қазанға дейін, қонақ үй базасында 215 төсек-орынды, оның ішінде 34 реанимациялық орыны бар екі ковид стационары іске қосылады деп жоспарлануда. Ол стационарлар барлық стандарттарға сәйкес қайта құрылады. Стационарларда бақылау және сұрыптау бокстары, операциялық және емханалық бөлімшелер бар.

Барлық ғимарат жеке кіру есіктері, залалсыздандыру жүйелері бар үш бөлікке бөлінеді. Клиникаларда таза ауа ағындар жүйесі бар. Бұл медициналық қызметкерлердің вирус жұқтыру қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек (АМСК) деңгейінде емханаға КВИ және пневмониямен ауруларымен келетіндер саны 36%-ға азайды.

«Сырқаттанудың төмендеуіне қарамастан, МСАК деңгейінде 74 медициналық ұйым, 39 мемлекеттік емхана және 35 жеке меншік медициналық мекеменің жұмысын арттыруды жалғастырамыз. МСАК медициналық ұйымдарында 9914 медицина қызметкері, оның ішінде 2712 дәрігер қызмет етті. МСАК ұйымдарына тіркелгендердің саны 2035 мың адамды құрайды. Оның ішінде 1695 мың адам мемлекеттік емханаларға тіркелген», – деді Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы.

Сонымен қатар, емхана жұмысы мобильді бригадаларды арттыру арқылы күшейтілді. Мобильді бригаданың саны 5 есеге артып, 407 бригаданы құрайды. Бұл дегеніміз 925 медицина қызметкері жұмыс істеп жатыр дегенді білдіреді.

Мониторинг Орталығының алғашқы айдағы қорытындысы бойынша, қауіпті топтағы 1200 науқасқа кеңес берілген.

«Емханада эпидемия басталғаннан бері онлайн- кеңес қызметі артты. Ал қатаң карантин кезінде 80%-ға дейін жетті», – деді Камалжан Надыров. – Телемедицинаның арқасында науқастың емханаға дәрігер қабылдауына келуін қашықтан емдеуге ауыстыра алдық. Осылайша науқастар өздерінің учаскелік дәрігерінің бақылауында болды. 272 940 науқас 10 млрд 831 млн тг құрайтын 1036 мың медициналық препараттармен қамтамасыз етілді. Көп науқасқа дәрілер үйіне жеткізіп берілді».