Елімізде 7 жастан бастап балаларға екпе егу мәселесі қарастырылып жатыр

12.08.2022 19:49

Бұл туралы бас балалар инфекционисі Динагүл Баешева мәлімдеді

Almaty.tv

Елімізде 7 жастан бастап балаларға екпе егуге болады. Қазір отандық медицина мамандары мәселені жан-жақты қарастырып жатыр. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде бас балалар инфекционисі Динагүл Баешева мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, пандемияның алғашқы толқынында КОВИД-19 ересектерге қарағанда балаларда жеңіл өткен. Ал қазір жағдай күрделене түсіпті.

«Қазір 3 баланың жағдайы нашар.  Оның біреуі Петропавл,  екеуі Нұр-Сұлтан қаласында емделім жатыр. Бірақ коронавирус ауыр дәрежеде өтіп жатыр дегенге келмейді. Балалардың туғаннан пайда болған өте ауыр дәрежедегі ауруы бар», – деді ҚР ДСМ Балалардың штаттан тыс бас инфекционисі Динагүл Баешева.