COVID-19 вирусының симптомсыз формасымен ауырғандар дәрігерлердің бақылауында үйде болады
Қазақстанда коронавирусты емдеудің хаттамасы өзгерді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Елімізде қауіпті індетті жұқтырғандар саны арасында ауру белгілері жоқ науқастар көбейген. Бірақ ел арасында дертті емдемейді деген түсінікбеушілік бар. Сондықтан комиссия бірігіп, өзгерістерді халыққа түсіндіріп жатыр.
COVID-19 вирусының симптомсыз формасымен ауырғандар дәрігерлердің бақылауында үйде болады. Өйткені, 14 күннің ішінде клиникалық белгілері пайда болуы мүмкін.
Індеттің жеңіл түрімен ауырып жатқандар да үйде емделеді. Тек дене қызуы күрт көтеріліп, жөтел қысып, демі тарылғанда ғана инфекциялық стационарға жеткізіледі. Олар бақылаудан бір рет ПТР-тест тапсырып, теріс нәтиже алғанда шығарылады.
Амбулаториялық жағдайдағы бақылауды МСАК мобильді бригадалары келесі алгоритмге сәйкес жүргізеді:
- күн сайын екі рет телефонмен хабарласу;
- жалпы жай-күйін, дене қызуын бағалау, сырқаттану бойынша шағымдарын (жөтелу, тыныс алудың қиындауы, әлсіздік, тершеңдік, диарея, бөртпе, миалгия және тағы басқа) анықтау, сатурация (мүмкін болғанда);
- қажет болған жағдайда, 3 күнде 1 реттен жиі емес бейне-консультация жүргізу.