Солтүстік Қазақстан облысында коронавирустан пандемия басталғалы 197080 адамнан ПТР тест алынды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
СҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, облыста ПТР зерттеулер жүргізетін 4 зертхана жұмыс істейді. Пандемия кезеңінен бастап өңірде КВИ-ға 197080 зерттеу жүргізілді. Соның тек 4%-де ғана оң нәтиже алынды.
Бүгінде ПТР әдісімен жүргізілетін зерттеулар шамамен 3 есеге қысқарды. Өткен тәулікте осындай 544 зерттеу жүргізілді. Бұл - коронавирусты жұқтырғандардың азаюына және карантин талаптарының жеңілдетілуіне байланысты. КВИ өршіген уақытта өңірден тек ПТР тесттің нәтижесімен ғана шығу мүмкін болған еді.
Мамандардың айтуынша, 19 желтоқсанда СҚО-да қауіпті инфекцияны жұқтырудың 66 жағдайы тіркелді. Соның 55-інде ауру белгілері болған. Ең көп ауырғандар – 34 адам Петропавлда тіркелді. Екінші орында Ресеймен шекаралас жатқан Мамлют ауданы тұр, мұнда жаңадан 13 жағдай анықталған. Ал Айыртау ауданында 5 адам КВИ жұқтырған.
Жалпы өңірде коронавирусты жұқтырудың 7903 жағдайы тіркелді, оның ішінде 4696-сында ауру белгілері болған.