Семей қаласы әкімінің орынбасары коронавирус жұқтырды

23.06.2020 19:50

Бұл туралы қалалық жедел штабтың мүшесі айтты

көрнекі сурет

Семей әкімінің орынбасары коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Аltaynews.kz-ке cілтеме жасап.

Бұл туралы қалалық жедел штабтың мүшесі, медициналық мәселелер жөніндегі үйлестіруші Найля Альменева мәлімдеді. Ол Семей қаласы әкімі орынбасарларының бірінің тестілеу нәтижесінде коронавирус анықталғанын айтты.

Қазір эпидемиологиялық тексеру жүргізілуде, науқастармен байланыста болғандардың бәрі тексеруден өтіп жатыр, көп ұзамай қосымша әрі толық ақпарат жариялаймыз деп уәде беріп отыр.

Айта кетейік, кешелі бері ШҚО-да симптомы бар 31, симптомсыз 10 адам вирусты жұқтырған, барлық уақыт ішінде облыста симптомы бар 460 науқас, сипмтомсыз 316 науқас тіркелді.