Аймақтың эпидемиологиялық ахуалына қарамастан, әуеде, ТЖ көліктері мен халықаралық автобустарда маска тағу ұсынылады
Қазақстан өңірлері "сары" аймаққа өткен жағдайда енгізілетін жаңа шектеулер тізімі бекітілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап.
Бүгін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов қатысқан Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.
"Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният өз сөзінде елімізде маусымның ортасынан бастап коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны артқанын атап өтті. Мәселен, өткен аптамен салыстырғанда жұқтыру жағдайлары 2,9 есе артқан, науқастардың 80 пайызына жуығы – індетке қарсы екпе алмағандар және соңғы екпеден кейін 6 ай өтіп кеткен адамдар", - делінген хабарламада.
Елдегі COVID-19 көрсеткіштерінің артуын ескере отырып, Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия өңірлер эпидемиологиялық қауіп-қатердің сары аймағына көшкен жағдайда төмендегі қосымша шараларды қабылдау керек екені туралы шешім қабылдады:
Сондай-ақ аймақтың эпидемиологиялық ахуалына қарамастан, әуеде, ТЖ көліктері мен халықаралық автобустарда маска тағу ұсынылады.
Ералы Тоғжанов облыс әкімдеріне коронавирус инфекциясына қарсы егу науқанын күшейтуді, сырқаттанғандар көбейген жағдайда кадрлармен, дәрі-дәрмек қоры және төсек-орындармен қамтамасыз етуді ерекше бақылауға алуды тапсырды. Сондай-ақ, халық арасында сапалы түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет екенін ескертті.