Бұл туралы Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен мәлім етті
COVID-19 жұқтырған науқастар мен онымен байланыста болғандар үшін карантин кезеңі 14 күннен 10 күнге дейін қысқартылды. Бұл туралы Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесі бар тіркелген адамдарда, «қызыл» мәртебе COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесі алынған сәттен бастап 10 күн өткенге дейін сақталады деп еске салады.
«Қызыл» мәртебе қойылған адамдарда бұл статус COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесі алынған сәттен бастап 10 күн өткенге дейін сақталады. 10 күн өткеннен кейін бұл адамдар осы уақыт кезеңінде COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесін алуына қарамастан, соңғы 3 ай бойы сақталатын «жасыл» мәртебеге ауыстырылады»,- деп хабарлады департаменттен.
Коронавирусқа теріс ПТР-тестілеу нәтижелері бар (COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесін алған сәттен бастап 7 күннен ерте емес өткізілген) инфекция жұқтырған адамдарда «қызыл» мәртебе оң нәтиже алған сәттен бастап 7 күн өткенге дейін сақталады. Мәртебе белгіленген мерзімнен кейін автоматты түрде өзгереді, қосымша өтініш ешқайда беру қажет емес.