|
25.03.2021 | 14:53
1158

Үндістанда қос мутациясы бар коронавирус анықталды

Бүгінде әлемде 125 миллионнан көп адам инфекция жұқтырған

Үндістанда қос мутациясы бар коронавирус анықталды © REUTERS / Amit Dave

Үндістанда қос мутациясы бар коронавирус анықталды. Қазіргі кезде сарапшылар бұл штамның қаншалықты жұқпалы екенін және оның вакциналарға төзімділік деңгейін тексеріп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv

18 штатта алынған 11 мыңға жуық анализдің ішінен мамандар 771-інің ғылымға бұрыннан белгілі вирус екенін анықтады. 736 анализ нұсқасынан британдық вирус, 34-інен - оңтүстікафрикалық вирус және бір бразилиялық вирус табылған. Ал, Ұлыбританияда коронавирус инфекциясының жаппай таралуына байланысты ел тұрғындарына 29 наурыздан бастап шетелде демалуға тыйым салынады. Енді азаматтар Еуропаға тек жұмыс, оқу, заңды міндеттемелер үшін, көшу немесе үйлену тойына бара алады және біреу қайтыс болған жағдайда ғана баруға рұқсат етіледі.

Бүгінде әлемде 125 миллионнан көп адам инфекция жұқтырған. Алғашқы бестікте АҚШ, Бразилия, Үндістан, Ресей мен Франция тұр. 2 миллион 700 мыңнан аса науқас аурудың құрбаны болды.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир